«Аяулым–М» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС – Сауран ауданы, Жүйнек ауылындағы 2015 жылдан жұмыс істеп келе жатқан мектепке дейінгі ұйым. Мақсаты – балалардың жан-жақты дамуына, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және мектепке дайындауға жағдай жасау.
Балабақшада 11 топ, 22 тәжірибелі тәрбиеші бар. Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік стандартқа сай жүргізіліп, шығармашылық, танымдық және ұлттық тәрбие бағыттарын қамтиды.
«Аяулым–М» – балаларға мейірім мен жылулық сыйлайтын, бақытты балалықтың мекені.